Елімізде ракпен ауыратындар аз емес – Балаева

4 Ақпан 2021, 10:57
1978
Бөлісу:
Елімізде ракпен ауыратындар аз емес – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева барлық азаматты медициналық тексеруден тұрақты түрде өтуге шақырды.

Министр Facebook-тегі жазбасында бүгін Дүниежүзілік ракқа қарсы күрес күн екенін айтты.

Коронавирус пандемиясы басталғалы, бүкіл әлем назары осы вирусқа ауды да, басқа да қауіпті аурулар туралы аз айтылатын болды. Қатерлі ісік ауруы – емделуі қиын дерттердің бірі және жыл сайын өршіп келеді. Дәрігерлердің болжамы бойынша 2030 жылға қарай жыл сайын обырмен ауыратындардың саны әлем бойынша – 23,6 адамға жетеді екен. 

Өкінішке қарай, біздің елімізде де осы аурумен бетпе-бет келгендердің саны аз емес. Қаншама адам жақындарынан, достарынан айырылды. Дегенмен рак – дауасыз да дерт емес. Емдік шараларын бұлжытпай орындап, ерік-жігер танытқан көптеген адам аурудан құлан-таза айығып кетіп жатыр, - деп жазды ол.

Қарапайым санитарлық тазалық пен тәртіп шараларын сақтау – біздің және жақындарымыздың өмірін сақтайды. 

Кей адам дәрігерге барсам, жаман нәрсе айтады деп ішкі қорқынышын жеңе алмай немесе уақытым жоқ деген сылтаумен мерзімді медициналық тексеруге бармайды. Салдарынан қатерлі ісіктің емге көнбейтін соңғы сатысында, әбден кеш болғанда дәрігерге келеді. Ерте анықталған аурудың емі де жеңіл. Сондықтан барлық азаматты медициналық тексеруден тұрақты түрде өтуге шақырамын. Әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында бұған ерекше мән беру керек. Короновирустың салдары денсаулығында бұрыннан ілеспе ауруы бар адамдар үшін өте қауіпті. Ауырмаңыздар – өздеріңізге және айналаңызға жанашыр болыңыздар, - деп жазды Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы