Елімізде есірткі сататын 800-ден астам сайт бұғатталды

13 Қыркүйек 2021, 12:06
7662
Бөлісу:
Елімізде есірткі сататын 800-ден астам сайт бұғатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының нәтижелері туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты.

2020 жылдан бастап қылмыстық заңнамаға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатайтатын өзгерістер енгізілді. Осы жылдың 8 айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның 58-і жарнама үшін және 69-ы интернет арқылы өткізуге қатысты болды. Есірткі тарататын 810 сайт бұғатталған, - деді ол.

Ол атағандай, жыл басынан бері 129 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. 11 есірткі зертханасы жойылды.

Әмірханов осыған дейін есірткіге пара-пар дәрілердің тізімі белгілі болғанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы