Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

9 Қыркүйек 2021, 17:04
4662
Бөлісу:
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласында өнер өкілдеріне «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің куәліктері мен сертификаттар табысталды.

«Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі биыл 10 тамыз күні құрылған. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты - ұлттық өнерімізді кеңінен дәріптеп, жастардың дәстүрлі өнерімізге қызығушылығын оятып, ұлттық құндылығымызды дамыту жолында еңбек ету . Жас өнерпаздардың шығармашылығының өркендеуіне көмек көрсету. Түрлі байқаулар, бағдарламалар, концерттер ұйымдастыру.

Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев мұндай одақты құру жөніндегі бастамалар бұрыннан көтеріліп келгенін айтты.

Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

Ұлттық өнеріміздің қамытын киіп, соның көкпарында жүрген алдыңғы және ортаңғы буын өнерпаздардың қаншама айтатын, көрсететін дүниесі халыққа жетпей қалып жатыр. Бүгінде елімізде Домбырашылар одағы құрылды, енді барлық өнер адамдары мүшелікке өтсе, алға қойған үлкен шаруаларымызды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ әншілердің шығармашылық кештері, ғылыми еңбектері мен жазбаларын осы Одақ арылы жинастырып, ой елегінен өткізіп іске асырсақ деп отырмыз. Осы атқарылған шаруаларды Dombyra телеарнасы арқылы халыққа жеткізсек деп мақсат тұтып отырмыз, - дейді әнші.
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

«Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Қанат Ержігітов ұлттық өнерді кеңінен насихаттау үшін Dombyra телеарнасын «Отау-ТВ» спутниктік желісіне қосу қажеттігін айтты.

Дәстүрлі өнерді тыңдаушы көрерменіміз ауылда тұрады. Елімізде 5 мың ауыл бар, олардың барлығы осы спутник желісіне қосылған. Қазір республика дәрежесіндегі әншілердің басын біріктіріп отырмыз, енді мүшелердің атынан Мемлекет басшысына хат жазсақ «Отау-ТВ» спутник желісіне қосыламыз деген сенімдеміз. Алға қойған басқа да жоспарымыз көп, - деді Ержігітов.
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

Дәстүрлі әнші, еңбек сіңірген қайраткер Сәуле Жанпейісова Домбырашылар одағы күйшілердің ғана емес, қолына домбыра ұстаған барлық өнер адамына ортақ екенін айтады.

Елімізде жазушылар, суретшілер, жыршылар, күйшілер және тағы басқа өнер адамдарының одақтары бар. Жыл сайын 1 шілде Домбыра күні деп аталып өтеді. Сол кезде домбырамен ән айтып жүрген әншілер шет қалып, алдыға күйшілер шығатын. Қазір ол жағдай реттелді, ол кезде біз де өнер көрсететін болдық. Бізге қай салада болмасын бірлік керек, онсыз ештеңені тындыра алмайтынымызға көзіміз жетті. Ортақ мәселелерді бірге талдап, бірге шешу үшін одақтың пайдасы зор, - дейді Сәуле Жанпейісова.
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды

Елімізде Домбырашылар одағы құрылды
Өзгелердің жаңалығы