Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде дәрі-дәрмекті арзандату үшін импортталатын шикізатқа кедендік баж төмендетілуі мүмкін екендігін айтты.
Ол 2020 жылдың қазан айында ведомство фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылданғанын еске салды.
Фармацевтикалық компаниялардың клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерді өткізуге, сондай-ақ GMP стандарттарын енгізу үшін фармацевтика кәсіпорындарының шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ЕАЭО нарығында отандық дәрі-дәрмектерді тіркеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады. Одан бөлек, дәрі-дәрмектердің құнын төмендету үшін бірқатар импортталатын заттар мен шикізаттарға кедендік баж салығын төмендету туралы мәселені қарастырып жатырмыз, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Ол химия өнеркәсібіне арналған 2021-2025 жылдарға арналған дамыту жол картасы бекітілетінін айтты.