Елімізде биыл өнеркәсіп өндірісі 1,3 пайызға өсті

11 Тамыз 2020, 10:54
1644
Бөлісу:
Елімізде биыл өнеркәсіп өндірісі 1,3 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Елімізде 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға өсті. 12 өңір оң нәтиже көрсетті. Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру 2,5 пайызға артты. Темір кен өндіру 0,9 пайызға өсті. Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты көмір өндіру көлемі 102,6 пайызды құрады. Көмір өндіруші компаниялар 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 62 млн тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға арттық, - деді ол.
Миистрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,8 пайызға өсті. 
Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3, бастапқы алюминийді 1 пайызға және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 3,9 пайызға артты. Қара металлургияда нақты көлем индексі 98 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш болаттың 8, рельстердің 10,6, болат құбырлардың 12 пайызға өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болды. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6 пайызға өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштар өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты, - деді Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы