Елімізде 9 жел электр стансасы бой көтереді

Елімізде 9 жел электр стансасы бой көтереді
1027

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, жаңартылатын энергия көздері саласында 87 млрд теңге сомасына 10 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы жобалардың жиынтық қуаты 170 МВт болады. Атап айтсақ: Шығыс Қазақстанда, Алматы және Қостанай облыстарында 9 жел электр стансасы салынып жатыр. 1 гидроэлектрстансасының құрылысы Алматы облысында жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика министрінің айтуынша, жобалардың іске асырылуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Жоғарыда аталған жобалар биыл жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде 105 тұрақты жұмыс орны пайда болады, - деп атап өтті сала министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға жеткізілетін жанармай импорты төмендейтіні туралы жазған болатынбыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы