Бас жаңалықтар
Елімізде 8 жаңа су қоймасы салынады  - Мырзағалиев
02 Ақпан 2021, 10:06 475

Елімізде 8 жаңа су қоймасы салынады - Мырзағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен Үкімет отырысында айтты. 

Су ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірледік. Бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламаны ұлттық жобаға айналдыру жұмыстары жүргізілуде. Алты негізгі бағыт анықталды, - деді Мырзағалиев.  

Ол атағандай, су дипломатиясын нығайту үшін мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру мақсаты да тұр.

Су ресурстарын цифрландыру, есепке алу және мониторингілеу. Нәтижесінде 119 су арнасында цифрландыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар өзен ағынының ресурстарын айқындаудың ақпараттық жүйесі құрылады. Суды үнемдеу нәтижесінде заманауи су үнемдегіш технологиялар қолданылатын суармалы жердің көлемі 221 мың гектардан 420 гектарға дейін ұлғаяды, - деді ол. 

Мырзағалиев  ирригациялық жүйелер мен құрылыстарды қалпына келтіру, жаңа су қоймаларын салу көзделіп отырғанын айтты. 

Нәтижесінде шамамен 2000 километр магистралдық арналар реконструкцияланады. Одан бөлек жалпы көлемі 885 млн м3 болатын Жамбыл (3), Батыс-Қазақстан (2), Түркістан (1), Алматы (1) және Қызылорда облыстарында 8 жаңа су қоймасы салынады. Ал 2025-2030 жылдар ішінде тағы отыз бір 31 су қоймасы салынатын болады, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...