Қазақстандық электровоздар Әзербайжанға жеткізілуде

1 Ақпан 2019, 16:48
3434
Бөлісу:
Қазақстандық электровоздар Әзербайжанға жеткізілуде

Фото: ҚТЖ

Астана, BAQ.KZ. Әзербайжан темір жолдары үшін шығарылған кезекті қазақстандық электровоз Қырқыншы станциядан жөнелтілді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Электровоз темір жолмен Құрық-порты станциясына дейін жол жүріп өтсе, ал бұл - шамамен 2,5 мың км. Содан соң «Меркурий» паромдық кемесімен Каспий теңізі арқылы Алят портына жеткізілді.

AZ8А сериялы жүк локомотиві Әзірбайжан темір жолдарына бейімделген қазақстандық KZ8А электровозының баламасы болып табылады. Локомотив Астанадағы «Электровоз құрастыру зауытының» желісінде құрастырылды.

 Қазақстандық электровоздар Әзербайжанға жеткізілуде

Өзгелердің жаңалығы