Елдос Сметов Будапештте Гран-при турнирінде топ жарды

13 Шілде 2019, 00:38
2628
Бөлісу:
Елдос Сметов Будапештте Гран-при турнирінде  топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді. 

Осылайша, дзюдодан команда үздігі өз мықтылығын тағы дәлелдеп отыр. Бұл салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды. 

Еске сала кетейік, Ганбат Болдбаатар 2014 жылы әлем чемпионы атанса, Елдос Сметов 2015 жылы әлемдік сында жеңімпаз атанған. 

 

Өзгелердің жаңалығы