Елде саяси трансформация басталады - Ақылбек Күрішбаев
8 Қаңтар, 17:37 2173

Елде саяси трансформация басталады - Ақылбек Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев қазақтың бірлігін көрсетіп, Президентке қолдау көрсетуіміз керек екенін айтты. 

Қазақстанның басқару жүйесінде күрделі өзгерістер керек. Президентіміз айтқандай бізде саяси трансформация басталады. Президентіміз тыңдай білетін азамат. Жүрегі таза, өзінің мүддесін емес, қарапайым халықтың мүддесін қолдайтын, қорғайтын басшы. Сондықтан қазір мемлекет басшысына тірек болайық. Ел болып қолдауымыз керек. Қазақтың бірлігін көрсететін уақыт келді, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...