Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр

28 Шілде 2021, 10:47
6527
Бөлісу:
Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір ай ішінде Қазақстанда көкөністер мен жемістер тағы 8%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.

Айта кету керек, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында елге 106,7 мың тонна пияз (жылына 19,6% қосу), 62 мың тонна қырыққабат (плюс 41,5%), 44,8 мың тонна картоп (2,5 есе өсу), 27,5 мың тонна сәбіз (плюс 75,1%), 1,3 мың тонна баялды (баклажан) (плюс 11,6%) әкелінді.

Онымен қоса бақша дақылдарының импорты айтарлықтай өсті, бір жылда бірден 15,7 есе, 2,3 мың тоннаға дейін.

Бұрыш, қызанақ, қызылша, қияр және корнишон, сарымсақ (чеснок) сияқты көкөністердің импорты азайған. Жемістер арасында жүзім (жылына 73,2%-ға, 3,1 мың тоннаға дейін) және алма (24,8%-ға, 52,1 мың тоннаға дейін) импорты қысқарды.

Саңырауқұлақ мен трюфельді 759,3 тонна әкелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,2%-ға көп.

Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр

Жергілікті компаниялар сыртқы нарыққа 70,5 мың тонна картоп (минус 51,4%), 21,2 мың тонна пияз (минус 16,1%), 11,2 мың тонна қызанақ (минус 35,5%), 4,9 мың тонна қырыққабат (плюс 38,7%), 1,9 мың тонна қияр мен корнишон (минус 66,4%), 1,8 мың тонна сәбіз (өсім 5,3 есе) жеткізді.

Биыл жүзім 709,4 тонна (минус 43,2%), алма - 2,8 мың тонна (бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,4 есе көп) экспортталды.

Айта кетейік, биыл бес ай ішінде картоп экспорты импорттан 1,6 есе асып түсті.

Бұл ретте көптеген басқа санат бойынша импорт экспорттан бірнеше есе асып түседі. Мысалы, бұрыш импорты экспорттан 47,6 есе, қызылша 32,1 есе, алма 18,6 есе, сәбіз 15,3 есе, баялды (баклажан) 13,6 есе, қырыққабат 12,6 есе асып түскен.

Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр

2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша көкөністер мен жемістер бір айда 7,7%-ға, бір жылда 14,2%-ға қымбаттаған.

Бағаның өсуін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының қалтасын қақып отыр, жылдық динамикада бірден 28,1%-ға өскенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ Павлодар (жылына 25,7%-ға), Атырау және Қарағанды (19%-ға) облыстарында айтарлықтай өсім байқалды, - деп мәлімдеді зерттеушілер.

Бір ай ішінде қызылша мен сәбіз бағасы 1,5 және 1,9 есе, бір келі үшін 324 және 280 теңгеге дейін айтарлықтай өсті. Картоп 47,6%-ға, 217 теңгеге дейін, қырыққабат 33,5%-ға, 91 теңгеге дейін, қызанақ 16,5%-ға, 521 теңгеге дейін қымбаттаған.

Бір жыл ішінде сәбіз бірден 2,2 есе, қызылша 2,3 есе өсті.

Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр

 

Өзгелердің жаңалығы