Елде қанша тонна астық жиналды?

28 Қыркүйек 2021, 15:58
3843
Бөлісу:
Елде қанша тонна астық жиналды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров хабарлады.

Оның айтуынша, егін жинау науқаны келесі аптаның соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жедел мәліметтерге сәйкес республика бойынша 15,5 млн гектар дәнді және дәнді бұршақ дақылдары немесе 97,9% жиналды. Орташа шығын гектарына 9,7 центнерді құрап отыр. Барлығы 15 тонна астық бастырылды. Соның ішінде 11,7 млн тонна бидай алынды. Сондай-ақ көкөністер, картоп, бақша дақылдары, майлы дақылдар және мақта жинау жұмыстары жүріп жатыр, - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Вице-министрдің сөзінше, әкімдіктердің мәліметі бойынша дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тоннаны құраған.

Орташа шығындылығы гектарына 9,5 центнерді құрайды. Дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнім мөлшері 16 млн тонна. Орташа шығындылығы 10,1 центнер гектарға тең, - деді вице-министр.
Өзгелердің жаңалығы