Алдағы аптада елімізде астық жинау науқаны аяқталады

28 Қыркүйек 2021, 15:47
1408
Бөлісу:
Алдағы аптада елімізде астық жинау науқаны аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров хабарлады. Оның айтуынша, егін жинау науқаны аяқталуға жақын.

Биыл агроөнеркәсіп кешені үшін күрделі жыл болды. Ауа райы жағдайына байланысты қиындықтар туындады. Бірақ оған қарамастан егін жинау уақытылы басталды. Бүгінгі күні егін жинау қарқыны былтырғымен салыстырғанда жоғары. Оның себебі шаруалар бірқатар бағыт бойынша негізгі ресурстармен толық көлемде қамтамасыз етілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің сөзінше, жанар-жағармай, техника, тыңайтқыш дер кезінде дайындалған.

Бұл сұрақтар бойынша қиыншылықтар болған жоқ. Сонымен қатар биыл элеваторлар астықты қабылдауға дайындық жұмыстарын уақытында өткізді. Қазір үзіліссіз жұмыс істеуде. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша егін жинау жұмыстары алдағы аптаның аяғында аяқталуы тиіс, - деді Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.
Өзгелердің жаңалығы