Бас жаңалықтар
Елбасы Тоқаевпен алғашқы кездесуі туралы айтты
24 Мамыр 2019, 11:20 357

Елбасы Тоқаевпен алғашқы кездесуі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясынан үміткерді қолдаушы Республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғаш рет қалай танысқаны туралы айтты. Бұл туралы BNews.KZ хабарлады. 

«1984 жылы Үкімет басшысы болған кезімде, мен Кеңес Одағы делегациясының құрамында Қытайға бардым. Бұл уақытта КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынас аса жақсы емес еді. Жоғарғы Кеңестің делегацияның құрамында бізге аудармамен көмектесіп жүрген жас адам болды. Ол Қытайдағы КСРО елшілігінде жұмыс істеп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев еді. Сонда мен онымен алғаш рет кездестім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан СІМ-де білікті кадрлар қажет болғанын, ол Тоқаевты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырғаны туралы айтты. 
   
«Кейіннен бізге ҚР СІМ-де жұмыс істейтін кадрлар қажет болды, сол кезде мен Қасым-Жомарт Кемелұлын Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Содан бері ол менімен жұмыс істейді. Мен оны жақсы білемін. Адамды түсініп, тану үшін оны әр қырынан білу керек», - деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық