Елбасы Сооронбай Жээнбековты марапаттады

28 Мамыр 2019, 20:31
1642
Бөлісу:
Елбасы Сооронбай Жээнбековты марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі халық арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті. 

«Біз – бір-бірімізге жақын, бауырлас халықпыз. Мен Сіздің еліңізді жақсы білемін. Қазақстанның алдағы уақытта да Сізді қолдайтынына сенімдімін», – деді Елбасы. 

Сооронбай Жээнбеков жоғары марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Елбасының Орталық Азия халықтарының достығын нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті. 

«Сіз Түркі әлемінің көшбасшысы саналасыз. Сіз Орталық Азия елдерінің достығын нығайту ісіне зор үлес қостыңыз. Мен үшін қазақ халқының Елбасысынан орден алу зор мәртебе. Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қырғыз Республикасының Президенті. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы қабылдаған болатын. Онда  «Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін бірнеше елдің президенті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталатындығы айтылған.

Өзгелердің жаңалығы