Бас жаңалықтар
Елбасы Мысыр халқына көңіл айту жеделхатын жолдады
26 Ақпан 2020, 19:17 799

Елбасы Мысыр халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Мен Мұхаммед Хосни Мүбаракпен бірнеше мәрте кездестім. Ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді. Осынау азалы сәтте Мысыр халқына және марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - делінген жеделхатта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...