Қазақстандықтар көбінде ел ішінде демалуды жөн санайды

27 Мамыр 2019, 21:45
2597
Бөлісу:
Қазақстандықтар көбінде ел ішінде демалуды жөн санайды

Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылы ішкі туризм саласы бойынша 5,9 млн адамға қызмет көрсетілген. Бұл туралы Energyprom хабарлады.

Курортты-санаторий мекемесіне келіп демалатындар саны 296,9 мың адамды құраған, 2017 жылы бұл көрсеткіш 285,8 мың болған. Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілер саны 871,9 мыңға жеткен.

Отандастарымыз бен шеттен келген қонақтарды қабылдап алып, орналастыратын орындар саны 3,32 мыға дейін өскен. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстары сияқты басты туристік өңірлерде шоғырланған. 

Сондай-ақ, 2018 жылы курортты аймақтардағы орналастыру орындарының саны бір жылда 10,4%-ға өсіп, 900 бірлікке көбейген. 

Қазақстанда тиімді маркетингті коммуникацияны көтеруді қажет ететін басты туристік өңірлер анықталған. Олар Алматы тау кластері, Нұр-Сұлтан, Щучинск-Бурабай курортты аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалхар-Имантау курортты аймағы.  

2019 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз бен елге келген қонақтар үшін қонақүйде тұру бағасы орта есеппен 10,4 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,6%-ға жоғары. 

Мәселен, Алматы қаласындағы қонақүйдің бағасы тәулігіне 18,6 мың теңгені құраған, Нұр-Сұлтан қаласында 14,9 мың болса, Орал қаласында 13,1 мың теңге.

Санаторияйлер қызметінің орташа бағасы тәулігіне 10,1 теңгені құраған. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан (14,8 мың), Алматы (13,2 мың) және Қызылорда (11,3 мың теңге) қалаларында белгіленген.

Елімізде ішкі туризмді дамыту үшін әуе маршруттарын субсидиялау қолға алынып жатыр. Яғни kids go free «1+2» қағидаты бойынша балалар тегін тасымалданады.

Өзгелердің жаңалығы