Ел чемпионаты. Ақтөбе Қарағанды құрамасының рекордын жаңартты

30 Наурыз 2021, 12:10
2770
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Ақтөбе Қарағанды құрамасының рекордын жаңартты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақтөбе облысының құрама командасы Павлодар құрамасын айқын басымдықпен ұтты.

Екі команда арасындағы бәсекеде ақтөбеліктер алаң тізгінін бірден қолға алды. Ойынның алғашқы минутында-ақ есеп ашқан Ақтөбе жігіттері алғашқы тайм аяқталғанша есепті 9-0-ге жеткізіп үлгерді.

Ел чемпионаты. Ақтөбе Қарағанды құрамасының рекордын жаңартты

Павлодардың дайындығы осал екені көрініп тұр. Ақтөбе жігіттері біраз уақыттан бері осы Таразға келіп жаттығу жасады. Соның нәтижесі – міне. Олар Жамбыл облысының құрама командасы – «Әулие ата» жігіттерімен бірге дайындалды. Аттары да осы өңірге бейімделіп қалғанын көрсетіп тұр. Павлодарлықтар үшін мұнан кейінгі айналымда не Маңғыстаумен не Нұр-Сұлтанның шабандоздарымен тақымдасуға тура келеді – дейді чемпионаттың бас төрешісі Қуан Құрамаев.

Ел чемпионаты. Ақтөбе Қарағанды құрамасының рекордын жаңартты

Сонымен қос команданың есеп нәтижесіне көз салсақ. Ойында әуелі есеп ашқан ақтөбелік команданың нөмір бірінші ойыншысы – Бейсенбаев Нұрлан – 4 салым, Жақсылық Руслан – 3 салым, Өркен Елдос – 2 салым, Мирамбек Данияр – 2 салым, Кенжебулатов Нұрберген – 2 салым және Мирамбек Дәулет – 1 салым, Тұрғынов Серік – 2 салым салып есепті 16-1-ге жеткізді.

Ел чемпионаты. Ақтөбе Қарағанды құрамасының рекордын жаңартты

Павлодар облысының құрама командасына тиесілі бір салымды Жолболды Ерасыл салды.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың алғашқы ойынын өткізген Қарағанды облысының құрамасы мен БҚО құрамасы арасындағы тартыс 14-0 есебімен қарағандылықтардың пайдасына шешілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы