Ел аумағынан жем-шөпті ірі көлемде шығаруға тыйым салынады

Ел аумағынан жем-шөпті ірі көлемде шығаруға тыйым салынады
1041

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бүгінгі Үкімет отырысында қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерде жағдайды тұрақтандыру үшін ел аумағынан жем-шөп өнімдерін ірі көлемде шығаруға уақытша тыйым салынатынын айтты.

Осы жылдың 23 тамызында ірі азықты республикадан әкетуге уақытша тыйым салу енгізіліп жатыр. Ал, 1 қыркүйектен бастап жемдік астықтарды экспорттауға квота енгізіледі. Сонымен қатар жедел штаб жергілікті атқарушы органдарға зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету қорларын құру, сабан дайындау және жемдік астық пен кебек резервін құру жұмыстарын тапсырды,-деді ол.

Оның айтуынша, қазір «Азық-түлік» корпорациясы арқылы жемдік астықпен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Атап айтқанда зардап шеккен өңірлердің субектілеріне нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен 1,2 мың тонна арпа сатылған. 

Қазір «Азық-түлік» корпорациясына 200 мың тонна көлемінде жемдік астықтың қосымша резервін құруға 20 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Оған қоса «Қазақстан темір жолы»  тамыз айының соңына дейін азық тасымалдауға жеңілдетілген тарифтердің нарықтан 77%-ға төмен деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады,-деді Қарашөкеев. 

Сонымен қатар ол қолданыстағы заң аясында жем бағасына бақылауды күшейту, бағаны негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау қажеттілігін айтты.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы