Елде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді

3 Шілде 2020, 12:01
2737
Бөлісу:
Елде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында өткен "COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Қазір медициналық көмекті көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Елімізде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді. Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде пациенттердің емханаларға бекітілу аумағы бұзылған. Бір отбасы мүшелері әр түрлі емханаларда әр жерге бекітілген. Үйге қызмет көрсету аумағынан тыс келген адамдар санаты пайда болды және олар үшін емханаларға қадамдық қолжетімділікті ұсыну қиын болып отыр. Емханалар жұмысын бір күн де тоқтатқан емес. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты пациенттердің инфекцияны жұқтыруын болдырмау үшін емханалардың жұмыс форматы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды. Осы мақсатта емханалар жұмысы төмендегідей ұйымдастырылуда. Бірінші – учаскелік қызметтің жұмысы және консультациялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтан көрсетілуі тиіс. Екінші – жоспарлы көмек пен диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігердің көрсетілімдері бойынша онлайн жазылу арқылы жүзеге асырылады, емханаға алдын ала шақырылады. Емханаларда қазіргі жағдайда кезек күтуге, адамның көп жиналуына жол бермеу керек, - деді ол.

Ажар Ғиният брифинг барысында көшпелі мобильді бригадалардың бірнеше түрі барын айтты.

Бүгінгі күні жұмысты көшпелі мобильді бригада арқылы ұйымдастыруды жалғастырудамыз. Қазір 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеуде. Ол бригадалардың бірнеше түрі бар. Бір түрі - COVID-19-ға тест алуды жүргізумен айналысады, онда мейірбикелер жұмыс істейді. Көбіне бұл коронавирус симптомдары бар жіті респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) белгілері бар немесе тыныс алу жеткіліксіздігі бар адамдарға қажет. Бұл бригада соларға қызмет етеді. Бригаданың екінші түрі – COVID-19 расталған пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта 165 мың пациент амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алуда. Бригаданың үшінші түрі – созылмалы аурулары бар пациенттерге, басқа да онкологиялық дерті бар адамдарға медициналық көмек көрсетеді. Жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізеді, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы