Екпе салдыртқандар масканы қашан шеше алады

11 Қазан 2020, 10:29
1374
Бөлісу:
Екпе салдыртқандар масканы қашан шеше алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екпе салғаннан кейін масканы қашан шешу керектігін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты.

Екпе салдыртқаннан кейін кем дегенде 3 апта күту керек. Мен антиденелердің деңгейін анықтап алғаннан кейін барып масканы шешуге кеңес берер едім. Егер жоғары болса масканы тақпауға болады. Егер антиденелердің деңгей жеткіліксіз болса онда масканы тағып жүру керек, - деді Гинцбург. 

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» атты вакцинаны шығара бастаған еді.
Вакцина араға үш апта салып екі препаратты салу көзделген. 

РИА Новостидің хабарлауынша, «Спутник V» деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өткен. 

COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды.  

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылған еді. 


Өзгелердің жаңалығы