Нұр-Сұлтанда экологиялық ұйымдар есеп беріп жатыр

5 Желтоқсан 2019, 14:35
7889
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда экологиялық ұйымдар есеп беріп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордада жыл сайынғы "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне кіретін 132 қоғамдық экологиялық ұйымдардың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр.

Эколог мамандар қауымдастықтың 2020-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырмақ. 

Сондай-ақ, экологиялық саясатты қалыптастыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру үшін, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықтың пікірін білдіруге арналған қоғамдық экологиялық мониторинг порталы ресми түрде жұмысын бастайды. Құрылған портал азаматтарға ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және Қазақстанның барлық аймағындағы экологиялық ахуал туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 

Осы орайда, қауымдастық төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева ұйым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, алдағы бағдарлама бекітілетінін атап өтті. Бағдарлама Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосады. 

WhatsApp Image 2019-12-05 at 14.35.52 (1).jpeg

Екі жыл ішінде қауымдастығымыз құрылудан бастап, ұйымға дейінгі мәселелерді шешуде өзіндік позициясы бар және белсенді әрекет ете отырып, үлкен жолдан өтті. Бүгін Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының мүшелері мен серіктестерінің жиналысына шақырдым. Сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, соның негізінде жаңа стратегиялық бағыттарды әзірлейміз. Біздің мақсатымыз - экологиялық проблемаларды анықтап, оларды шешу болғандықтан, барлығымыз біріге отырып, еліміздің тұрақты дамуына үлес қоса аламыз. Әлемдік экологиялық қоғамдастық жүйесіндегі интеграция бізге басымдық бере алады. Оның үстіне, халықаралық ұйымдардағы серіктестеріміздің экология мәселесін интеграция арқылы шешуде жетістігі көп. Мемлекеттік органдар, әсіресе Экология министрлігі әрдайым ашық және ынтымақтастыққа дайын. Бизнес қауымдастығы Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығын қолдап отыр. Сондықтан бүгін алдағы жоспарымызды нақтылау үшін, ұсыныстарыңызды тыңдауға даярмын, - деді Әлия Назарбаева.

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы 2017 жылдың қарашасында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа және тиімді экологиялық жүйені қалыптастыруға, сонымен қатар болашақ ұрпаққа біздің планетамыздың ресурстарын сақтау және сақтау үшін маңызды үлес қосу мақсатында құрылды.

Қауымдастықтың мақсаты - адамның іс-әрекеті мен табиғат арасындағы үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған қоғамның көзқарастарының жүйесін құру мақсатында, экологиялық бастамаларды құру және дамытумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 130-дан астам экологиялық ұйымдар қауымдастыққа мүше болды.

Өзгелердің жаңалығы