Екі мыңдай медқызметкер үстемеақы алды

11 Мамыр 2020, 18:07
1739
Бөлісу:
Екі мыңдай медқызметкер үстемеақы алды
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

2020 жылдың 22 наурызы мен 11 мамыры аралығында халықаралық рейстерді қабылдау, коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында зертханалық анализдер жасау үшін жолаушыларды оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, елімізге келген 28 халықаралық рейстер бойынша 2500-дай жолаушы оқшауландырылды. Олардың арасынан вирус анықталған 10 жағдай тіркелді, - деді ол.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, елордадағы №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Онда өткір респираторлық вирустық инфекция (ӨРВИ) белгілерімен түскен пациенттерді қабылдайтын, коронавирус инфекциясын анықтауға арналған зертханалық-диагностиалық ерттеу жұмыстары жүргізілетін абсерваториялық емхана бар.
2020 жылдың 30 мамырынан бастап орталық жол ауруханасына  коронавирус инфекциясын дәл уақытында анықтау мақсатында пульмонология бағытында қолданылатын 150 төсек-орын бөлінді. Инфекция ошақтарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, дәрігерлердің қауіпсіздігі басты назарға алынып отыр. Бұл үшін өкпе қабынуы және ӨРВИ белгілері бар науқастарға арнайы орындар жасақталған. Соның арқасында 111 пациенттен коронавирус инфекциясын ерте кезеңнен анықтауға мүмкіндік алдық. Жүкті әйелдер жоспарлы емге жатар алдында  коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тестілеуден өтеді, - деді Бақтияр Мәкенұлы.

Әкімнің орынбасары дәрігерлерге көрсетіліп жатқан материалдық көмекке де тоқталды.
Сондай-ақ, біз COVID-19 індетімен күресіп жүрген 650 дәрігерді тұрғылықты жермен қамтамасыз еттік. Олар орталықтандырылған көлік қызметі (20-дан аса қалалық автобус), тамақтандыру жүйесімен қамтылған "Hilton", "Думан" және "Диплома" қонақүйлеріне орналастырылды. Бұл жұмыстар карантин шаралары толық аяқталғанға дейін жүргізілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үш тәуекел тобы бойынша 2 мыңдай медқызметкер 887 миллион теңге шамасында жалақыға қосымша үстемеақы және жәрдемақыға ие болды. "Бір біргеміз" қоры аясында бір мыңдай медқызметкер материалдық көмек алды, - деді ол.

Айта кетейік, Бақтияр Мәкен бұған дейін Нұр-Сұлтандағы 67 нысаннан карантиндік шектеу алынғанын хабарлаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы