Егіс науқанына арналған дизель бағасы нарықтағыдан арзан

28 Мамыр 2021, 13:05
5013
Бөлісу:
Егіс науқанына арналған дизель бағасы нарықтағыдан арзан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Оның айтуынша, нарықта мұнай өнімдері бағасының өсуіне қарамастан, Үкімет егіс жұмыстарын дизельмен толықтай қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдады.

Шаруашылықтар үшін дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтан 14%-ға арзан, - деді ол.

Айдарбек Сапаров сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі оң динамиканы көрсетіп отырғанын атап өтті.

Тұтастай алғанда, республика бойынша 2021 жылғы бес ай ішінде 140 млрд теңгеге жуық 8700 бірлік техника сатып алынды. Бұл Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал етеді, - деді ол.

Оның айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру аяқталды.

Біздің қаржы институттарынан 128 млрд теңге бөлінді. Ол туралы қаржы ұйымдарының басшылары толығырақ айтып береді. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылдың егіс науқанын 3 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді ол.

Бұған дейін биыл әлеуметтік маңызы бар дақылдардың алқаптары кеңейтілгені хабарланды.


Өзгелердің жаңалығы