Атырауда тегін дүкен ашылды

17 Мамыр 2019, 09:15
3558
Бөлісу:
Атырауда тегін дүкен ашылды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық кәсіпкер мұқтаж жандарға көмек көрсету орталығын ашты. 

Мұнда халықтың әлеуметтік осал тобы киім-кешек пен азық-түлікке тегін қол жеткізе алады. Көмек алу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын және балалардың туу туралы куәлігі, ал мүгедек болған жағдайда – растайтын құжаттары және мекенжай анықтамасын ала келуі қажет. 

«Осы жобаны интернет арқылы көрдім. Кеше құжаттарымды алып келдім. Осындай қайырымдылық заттарды көбірек болғанын армандаймын. Өзім алты баланың анасымын. Мектепте жұмыс жасаймын.Қазір де біраз көмек алдым,балаларыма киім алдым.Ораза айында қолдау көрсетіп жатқан жандарға ризамын»,- дейді көпбалалы ана Айгүл Сүлейменова. 

Атырауда тегін дүкен ашылды

Жобаның негізін қалаушы Ақылбек Мұқанов есімді азамат. Оған мұндай идея ойға ертеректе келгенімен, қаржының жетіспеушілігі себепті іске асыру қиынға соққан. 

Атырауда тегін дүкен ашылды

«Күніне шамамен 3-5 адамды қабылдаймыз. Себебі көп қабылдауға бізде мұрша жоқ.Қаржы жағынан он адамның жалақысынан белгілі бір мөлшерде бөліп тұрамыз. Алайда, ол жетпей жатады. Демеуші болам деген, я болмаса, қаржылық көмек көрсетем дейтін адамдар болса, есігіміз ашық»,-дейді бастаманы жүзеге асырушы Ақылбек Мұқанов

Өзгелердің жаңалығы