Бас жаңалықтар
Дүкен иесі тазаланбаған аумақ үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
23 Қараша 2020, 09:38 472

Дүкен иесі тазаланбаған аумақ үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері қаланың абаттандырылуын бақылау, оның ішінде іргелес аумақты қар мен мұздан уақтылы тазартуды тексеру бойынша рейдтер өткізеді, деп хабарлады Polisia.kz. 

Тексеру барысында облыс аумағындағы түрлі ұйымдардың, дүкендердің, дәмханалардың, базарлардың аумағы қамтылады. 

Мысалы, 19 қарашада сауда үйінің алаңын және оған іргелес аумақты тиісінше тазалауды қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қаланың сауда үйлерінің бірінің иесіне қатысты хаттама толтырылды, – деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Ғалым Сарғұлов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...