Досаев теңгенің қанша пайызға құлдырағанын айтты

12 Қаңтар 2021, 10:07
2627
Бөлісу:
Досаев теңгенің қанша пайызға құлдырағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің 2020 жылға арналған бағамы туралы есеп берді. Оның айтуынша, 2020 жылы теңге дағдарыс аясында 10 пайызға әлсіреген.

2020 жылдың желтоқсанында теңгенің айырбас бағамы бір пайызға, яғни бір доллар үшін 420,91-ден 425,07 теңгеге дейін өсті.  Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді,- деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, Бразилия реалы 29,0%-ке, түрік лирасы 25,0%-ке, ал Ресей рублі 19,3%-ке әлсіреген. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10,0%-ке әлсіреді.

Теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапқанын атап өту маңызды. Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды,- деді Ұлттық банк төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы