Оқуға 100 адам түседі, 800 адам бітіреді – Аймағамбетов дипломдарды "басып шығарғандарды" ашық сынады

31 Қаңтар 2020, 15:20
4317
Бөлісу:
Оқуға 100 адам түседі, 800 адам бітіреді – Аймағамбетов дипломдарды "басып шығарғандарды" ашық сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге талдау жүргізгенде оқуға 100 адам түсіп, 800 адам бітіріп шығатынын анықтаған. Ол бұл студенттердің ауадан пайда болмайтынын айтты. Бұдан былай қазақстандық ЖОО түлектеріне диплом қағаз түрінде емес, электронды түрде беріледі.

Осы және өзге де жаңалықтарды білім министрі Асхат Аймағамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында мәлімдеді. 

Жиында сөз сөйлеген Аймағамбетов дипломды сатып алатын ЖОО түлектері жөнінде өткір мәселенің басын ашты. 

Біз университеттерге талдау жүргіздік: 100 адам түседі, 800 адам бітіреді. Бұл студенттердің ауадан пайда болмайтыны белгілі. Сапалы білім беретін университеттер студенттерді ойланбастан шығарып жібереді. Ал, "шаңсорғыштар" (сондай шығып қалғандарды жинап алатын ЖОО – ред.) бұл балаларды нарықтың әр түкпірінен жинап алады, содан кейін оларға дипломдар береді, - мәлімдеді Білім және ғылым министрі. 

Бұл жағдайды шешу үшін Білім министрлігі барлық дипломдарды цифрландырады, ал деректер базада сақталады. Бұдан кейін өзгертулер енгізу мүмкін болмайды.

Қазір біз барлық дипломдарды цифрлаудамыз. Біріншіден, біз "blockchain" электрондық дипломдарын (жүйесінде) шығарамыз. Екіншіден, біз тарихи ақпаратты цифрландырамыз. Шамамен, 1970 жылға дейін жетуді көздеп отырмыз. Бұл процессте біз көптеген проблемалық мәселелерге тап болдық, мәселен, біршама диплом шығарғандай болып едік, іске келгенде біз олардың іздерін еш жерден таба алмаймыз. Сондықтан біз университеттерге 1970 жылға дейін дипломдарды цифрландыру міндетін қойдық, - деп айтты еліміздің бас ұстазы Аймағамбетов. 

Осы орайда, министр жуырда ғана шешім қабылдап, Шымкенттегі елдегі ең үлкен университетті жапқанын хабарлады.

Сот шешім шығарды. Білім және ғылым министрлігі лицензияны қайтарып алу туралы дұрыс шешім қабылдады. Осы университетте 30 мыңнан астам адам оқыған. Біз шынымен де (...) заң бұзушылықтар бар екенін білдік, олар шынымен де дипломдарын басып шығарғанын анықтадық. Алайда, университеттер аз болуы керек деп айтпаймыз. Көп болсын, бірақ олар жақсы университеттер болуы керек. Сондықтан бүгін біз талаптарды күшейтіп жатырмыз, - деп түйіндеді өз сөзін Білім министрі.

Өзгелердің жаңалығы