Бас жаңалықтар
Динара Сәдуақасова: Президентті таңдау оңай емес
10 Маусым 2019, 19:53 418

Динара Сәдуақасова: Президентті таңдау оңай емес

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Сәдуақасова Президентті таңдау әрине, оңай емес, бірақ соған қарамастан сайлау өз деңгейінде өтті деген пікірде.

"Кеше еліміз үшін өте маңызды күн болды. Президентті таңдау, әрине оңай емес. Бірақ соған қарамастан сайлау өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Мен №200 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Менің қарамағымдағы 2 қызметкер №152 және №149 сайлау учаскелеріне барып, бақылаушы болды. Біздің учаскелерде ешқандай заң бұзушылықтар орын алмады. Сондықтан мен басқа жерлердегі жағдайлар туралы ештеңе айта алмаймын" - дейді ол.

Сонымен қатар, ол өзінің дауыс беруде дұрыс таңдау жасағанын атап өтті.

зімнің жасаған таңдауым жайында айтатын болсам, өте дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Еліміздің болашағынан үлкен үміт күтемін және тек бейбітшілік арқылы бірігіп, биік шыңдарға көтерілеміз деп сенемін. Бізді алда жарқын, бақытты болашақ күтіп тұр. Президентіміз осы болашаққа жаңаша жол бастайды деп сенім артамын", - деді Динара Тайбасарқызы.

№152 сайлау учаскесінде бір ғана заң бұзушылық болып, хаттама толтырылды.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық