DigitEL: Мусин Қазақстан ауылдарына интернетті қалай қосатынын айтты

28 Қазан 2021, 13:06
136483
Бөлісу:
DigitEL: Мусин Қазақстан ауылдарына интернетті қалай қосатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Digital Bridge 2021 халықаралық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «DigitEL» ұлттық жобасын таныстырды.

Айтуынша, ұлттық жобада екі бағыт бар. Брендинг деп аталатын DigitEL. Ал оның атауы цифрландыру, ғылым мен инновацияның арқасында жасалған технологиялық серпіліс. Ол екі үлкен блоктан тұрады. Бұл - цифрлық трансформация және ғылым.

Мемлекеттік бағдарламаның соңына дейін 100% жоғары сапалы интернетке қол жеткізуіміз керек. Қалада 10 Мбит/с, ауылда 5 Мбит/с. Біз сапа параметрлерін орнаттық, бұрын мұндай болған жоқ. Біз халықтың 99% 3G немесе 4G қамтуы бар екенін айттық. Бірақ олар ешқашан сапа параметрлерін жариялаған жоқ. Біз талдауды бастағанда, мәселе сіздің 3G белгішеңіз қосулы немесе жоқ екенінде емес, мәселе Интернеттің қолжетімділігінде. Кеше Елбасы осы тақырыпқа, арнайы тоқталып, бізге заңнаманы қалай өзгерту керегін айтты, - деді ол.

Мусин атап өткендей, тұтынушыға бағытталған екінші көрсеткіш – 5 минут ішінде барлық қызмет пен сервис. Үшіншісі – 500 миллион IT экспорты, ол жылына 30 миллион долларды құрайды, біз оны жылына 500 миллионға жеткізуіміз керек. Төртіншіден, жаңа форматтағы 100 мың жоғары білікті IT маманын дайындап, 100 мың жұмыс орнын ашу қажет.

Интернетпен қамту немесе қосылу мүмкіндігі 97%-ды құрайды. Бірақ адам қандай интернетке қосылады, қандай интернет ұсынылады - бұл үлкен мәселе. Біз жоғары сапалы интернетке қол жеткізіп келеміз. Бізде интернет өткізу қиын 617 ауыл бар, оларда біз төмен орбиталық спутниктік топтамаларды қолданамыз. Қазір екі компаниямен келіссөз жүргізіліп жатыр. Оның бірі – SpaceX, - деп толықтырды Цифрлық даму министрі.

Министр өз сөзінде еліміздегі елді-мекен аумақтарының 15,7%-ын сапалы интернетпен қамту жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстандағы аумақ көп жағдайда ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады. Біз премьер-министрмен ауылшаруашылық фермаларын аралаған кезде бәрімізде бірдей мәселе болды. Яғни – инфрақұрылым, қандай қосымшалар мен технологияларды қолдану керегін ауылшаруашылық мамандары өздері шешеді. Бірақ қазір инфрақұрылым бермей технологияға көшуді талап ету дұрыс емес. Сондықтан біз еліміздің ауыл шаруашылығы аумақтарының 15,7% – ын сапалы интернетпен қамтамасыз етеміз, - деп айтты министр Бағдат Мусин.



Өзгелердің жаңалығы