Бас жаңалықтар
Депутат  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың спортшыларын құттықтады
15 Маусым 2021, 16:22 659

Депутат Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың спортшыларын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубында болып, жаттықтырушылар мен спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Жақында Алматыда «Arlan Grip PRO 8» турнирі өтіп, осы клубтың үш өкілі жеңімпаз атанған еді. Олар: Нұрсұлтан Орынбасаров, Самат Айтпанбет және Диас Қанайбеков.

Депутат «Sagadat batyr – QTT» клубының жетістіктеріне тоқталып, оларға сәттілік тіледі.

Бүгінде «Сағадат батыр – QTT» клубында 200-ден астам әр түрлі жастағы спортшылар тәрбиеленіп жатыр. Олардың көпшілігі халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетті.  Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы сияқты батырларымыздң және атақты балуанымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлымыздың лайықты ізбасары екендеріңізді дәлелдеп келесіздер. Алда әлі де талай белестер күтіп тұр. Еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің есімін ұлықтап жүре беріңіздер. Жас ұрпаққа лайықты үлгі көрсетіп,  осы қарқындарыңыздан таймаңыздар. Жастар – біздің болашағымыз,  - деді депутат.

Осыдан кейін Бақытбек Смағұл клубтың бас жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровқа алғыс хат пен Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалін табыстады. Сондай-ақ клубтың жаттықтырушылары Самат Айтпанбет, Елжан Жұмаділ, Нұртуған Бекмұратов, әлемнің екі дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова, спортшылар Азамат Абдиев, Мақсат Мұратұлына сәттілік тіледі. 


Фото: дереккөз
Загрузка...