Депутат Әлихан Смайыловқа сауал жолдады

12 Ақпан 2021, 12:17
1885
Бөлісу:
Депутат Әлихан Смайыловқа сауал жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Марат Құсайынов Мәжілісте «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа сауал жолдады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында болашақ ұрпаққа сақтау үшін Ұлттық қордан қаражатты аз тартуға назар аудара отырып, бюджеттің мұнай емес тапшылығының мөлшерін жыл сайын қысқарту мақсаты айқындалған. COVID дағдарысы осындай жағдайларға уақытылы ден қоюы үшін мемлекетте қауіпсіздік қорғанышы болуға және оны сақтауға тиіс екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар тағы қайталана ма, оны біз білмейміз, - деді депутат.

Осыған байланысты Марат Құсайынов Премьер-министрдің бірінші орынбасарына мынадай сауал қойды.

Партия өз бағдарламасында қойған және іске асырылуы тиіс бюджет шығыстарын ұлғайтуды талап ететін міндеттерді ескере отырып, Үкімет республикалық бюджеттің теңгерімді болуын қалай қамтамасыз етеді? – деп сұрақ қойды депутат.

Еске сала кетейік, Мәжілісте «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы