Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде

12 Ақпан 2021, 12:16
2098
Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 ақпанда сағат 15.20-да «112» пультіне 1981 жылғы азаматтан оның «Шымбұлақ» шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 

Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласының құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары дереу жіберілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелердің  құтқарушылары, «109 құтқару қызметі», медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды. Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр, - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 м астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізілуде.

Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сондай-ақ Богданович мұздығының ауданын және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің барлық жағынан іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды.

Ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматы қаласы ТЖД қосымша Билайн және Теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұраулар жолдады. Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимылдың күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан сағат 18:29-да Beeline ұялы байланыс операторы арқылы «Шымбұлақ» базасы тіркелді.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, ТЖМ, РЖҚЖ, АМО, ҚҚ аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуы бойынша жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен бәтеңкеде болған.



Өзгелердің жаңалығы