Денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, видео жазба жасауға тыйым салынады

4 Сәуір 2020, 15:11
2810
Бөлісу:
Денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, видео жазба жасауға тыйым салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 3 сәуір күні ҚР бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясын ҚР халқы арасына таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған қаулысына толықтырулар енгізілген.

Мемлекеттік орталық ұйыммен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы құқыққорғау органдары және арнайы ұйымдармен бұл қаулының сақталуын және іске асыруын қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көлігінде, жергілікті атқару органдары карантин үшін бөлген орындарда аудио, видео жазба жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қызмет бабымен үйге бару сәтін, індет ошақтарында эпидемиялық зерттеу жасауға және аурулар арасында сауалнама жасауға тыйым салынады, - деді ол. 

4 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы профильді стационарда 862 науқас жатыр екен. Оның 44-ті бала. 

Сондай-ақ, қазіргі уақыт бойынша қалада коронавирустың 202 жағдайы тіркелген. Олардың 186-сы стационарда жатыр, 17 адам жазылып шықты. 31 наурыз күні бір адам инфекциядан көзжұмды. 3 сәуір күні 3 жаңа жағдай тіркелді, олар карантинде жатқандар арасына шықты. Ауру өсімі өткен күнмен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары, - деді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес осы жылдың 1 сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы мен Ұлттық кардиология орталығымен бірігіп Республикалық интенсивті терапия орталығын құрғанын айтты. 

Бұл көпсалалы медициналық жұқпалы блокта ашылды. Аталған орталық 2 сәуірден бастап коронавирус жұқтырған, халі нашар адамдарға қызмет көрсетуде.  Қазіргі таңда коронавирус анықталған адамдардың бесеуінің халі ауыр жағдайда. 3 науқас қолдан демалдыру аппаратында жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем жүргізу жалғасуда, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы