Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой вакцина салдыруға қарсы бір топ адамның ведомство ғимаратына келген оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасының тікелей эфирінде берген сұхбаты барысында айтты.
Министрдің айтуынша, олар үнемі халықпен байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын көрінеді. Алайда адамдар кейде эмоцияға басымдық береді деген ол жағдайға байланысты пікір білдірді.
Бұл жерде жұмыс психологиялық тәуекелмен байланысты болғандықтан күрделі. Өкінішке қарай, іште жұмыс істеген әріптестеріміз де біраз зардап шекті. Бізге азаматтар келеді, біз күштік сипаттағы құралдарды пайдалана алмаймыз, - деді Цой өз сөзінде.Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрлері мен өкілдері ашық сөйлесу үшін сыртқа шыққан.
Азаматтардың бір бөлігі естігілері келген нәрселерін естіді, ал кейбірі естімеді. Бастапқыдан әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық проблемалар кешені жиналып қалған. Одан басқа, коронавирус инфекциясы жоқ деген өз желеулерін алға тартты. Бұл әлеуметтік жағдайға салмақ салды. Біз азаматтарды түсінеміз, үнемі олардың ыңғайларына көнуге тырысамыз. Бірақ әр уақытта оң жауап ала бермейміз, - дейді министр.Естеріңізге сала кетейік, ондаған әйел Денсаулық сақтау министрлігінің алдына келіп, вакцинациялауды тоқтатуды талап етіп, вице-министрге тарпа бас салған болатын. Мәдениетті келіссөз жүргізу мүмкін болмай, әйел адамдар ведомство басшыларына айғайлап, жұдырықтарын ала жүгірді.
Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған көрінеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цой коронавирустың қай кезде шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін айтты.
Оқи отырыңыз: