Есірткі бейнеленген футболка. Сатушыға айыппұл салынды

19 Шілде 2021, 21:10
3275
Бөлісу:
Есірткі бейнеленген футболка. Сатушыға айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда базар сатушыларына есірткі және психотропты заттарды жарнамалағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы мен Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері алдын алу жұмысы барысында қаладағы «Көк базарда» іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды анықтау.

Жас ұрпақты заңсыз ықпалдан қорғау қажеттілігі есірткі таратушыларға жазаны қатаңдату үшін негіз болды. Қылмыстық кодекске «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» жаңа нормасы заң болып енгізілді. Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылған, – деп түсіндірді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Мұндай жарнамаларды полиция қызметкерлері көптеген сауда орнынан тапқан.
Әртүрлі бейнелері бар футболкалар, бас киімдер, панамалар – бұл зиянды өмір салтын насихаттау. Мұндай нәрселер базарларда пайда болмауы керек. Барлық құқықбұзушылыққа ҚР ӘҚбК-нің 423-бабы бойынша хаттама жасалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы