Денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді - Цой

4 Тамыз 2020, 09:20
1642
Бөлісу:
Денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Қазақстанда 3 тамыздағы жағдай бойынша 93 820 науқас тіркелді, оның ішінде 27 597 науқас емделіп жатыр. Ал 65 132 науқас сауығып шығып, 1091 науқас көз жұмды. Республика бойынша науқастардың тіркелуі өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға төмендеді. Карантиннің 4 аптасында кереуеттерді пайдалану 55 пайызға, жансақтау орындарын пайдалану 36 пайызға төмендеді. Сауығып шыққандар саны 64,6 пайызға артты. Коронавирус жағдайына қатысты жедел жәрдем қызметін шақыру 40 пайызға төмендеді, - деді ол. 

Цой айтқандай, инфекцияның репродуктивтілігі 1,2 пайыздан 0,89 пайызға дейін төмендеген. 

Осылайша, денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді. Қатаң карантин шаралары енгізілгенге дейін репродукция көрсеткіші 1,2 -ні көрсеткен. Карантин енгізілгелі екі аптадан соң репродукция көрсеткішінің тұрақты төмендеу қарқыны байқалды. 23 шілдеден бастап репродукция тұрақты түрде төмендеді, 4 шілдеде бұл көрсеткіш 0,89-ға дейін төмендеді. Бұл енгізілген карантиннің тиімділігін көрсетіп отыр, - деді ол. 

Министр атап өткендей, репродукция көрсеткіші Ақмола, Қостанай облыстарынан басқасында 1-ден асқан жоқ. 

Статистиканы 1 тамыздан бастап қайта қарау негізінде Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы 10 күнінде репродукцияның көрсеткіші қайта қаралып, өңірлердегі жағдайды бақылау жалғасын табады. Маска тағу талабы әрбір қазақстандықты қамтыды. Маска тағудың тимділігі бойынша халықаралық тәжірибе зерделенді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы