Денистің еріндері көгере бастағанда қорқып кеттім – куәгер

8 Қаңтар 2019, 15:36
2519
Бөлісу:

Сотта оқиға орнында болған Ербол Қадіров куәлік етіп, көргендерін айтып берді.

“Мен адам тасып ақша табамын. Сол күні клиентім шаштаразға апарып, көлігімде күтіп отырғанмын. Бір кезде үш жігіттің алысып жатқанын байқадым. Басында аса мән бермедім, кейін солай қарай полиция қызметкері жүгірді. Сол кезде менде шығып, солай қарай бардым. Барсам ол есін жөнді білмейді, шарбаққа сүйеніп тұр екен, кейін отырып, етбетімен жата кетті. Ол кезде оның Денис Тен екенін білмедім”, - деді куәгер.

Кейін ол жедел жәрдемге хабарласып, келуін өтінгенін және тағы бір қазақ қызы келіп, көмектескенін айтты.

“Ол маған аяғын буу үшін футболкасын шеш деді. Оның артындағы рюкзагын шешіп, футболкасын бердім. Ол кезде тағы бір рюкзак пен екі айна жатты. Кейін күдіктілердің артынан қуған полицейлер келді. Олар радциамен жедел жәрдемге жылдамдатуды өтінді. Су әкеп бетін жудық, оның еріндері көгере бастағанда қорқа бастадым. Ол ауыр демалып жатты”, - деді куәгер.

Сондай-ақ, ол кейін полицейлер оған жолатпағанын, және жедел жәрдем 10-12 минутта келгенін айтты.


Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы