Демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

23 Шілде 2021, 11:24
1529
Бөлісу:
Демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 

24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер болып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады.

Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градус ыстық, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градус ыстық болады деп болжануда, солтүстікте температура 32-40 градус ыстықтан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендейді. 

Өзгелердің жаңалығы