ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

12 Наурыз 2020, 01:10
2747
Бөлісу:
ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы 11 наурызда өткен брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді.

Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік, - делінген ДДҰ-ның Twitter-дегі парақшасында.

Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы