Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

15 Мамыр 2021, 22:37
2139
Бөлісу:
Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер өндірісі бір жылда 9%-ға ұлғайды.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында елде 37,9 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық өнімдері мен препараттары өндірілді. Бұл бір жылғы көрсеткіштен қарағанда 20,2%-ға көп. Инфляцияны ескергенде, өнімнің нағыз өсімі 9,1%-ды құрады.

Өңірлер бөлінісінде дәстүрлі түрде ең көп өнім өндірісі Шымкент қаласына тиесілі. Онда 11,2 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімдері шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 36%-ға көп. Бұл ретте үздіктер қатарына Алматы облысы мен Алматы қаласы да енеді.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында фармацевтикалық препарат өндірісі 138,3 млрд теңгеге жетіп, олардың шынайы өсімі 47%-ды құрады.

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіруге қатысы бар 277 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде тек 59,6%-ы немесе 165 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,8%-ға көп.

Еске салсақ, елімізде «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Kelun-KazPharm» ЖШС, «Dolce» ЖШС (Алматы облысы); «Химфарм» АҚ (Santo), «Зерде-Фито» ЖШС (Шымкент); Алматының «Нобел» фармацевтикалық фабрикасы, «Аврора» ЖШС, «Cheminnova Alimor Kazpharm» ЖШС, «Rapid-Alimor Pharm Industries» ЖШС, «Dosfarm» ЖШС (Алматы) және тағы басқа ірі компаниялар жұмыс істейді.

Осы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің компаниялары 31,4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін өндірді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,1%-ға көп (шынайы өсім - 9,4%). Сонымен қатар құны 2,1 млрд теңгені құрайтын басқа да фармацевтикалық препараттар өндірілді (ақшалай мәнде 12,1%). 

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

Өндіріс көлемі ұлғайып келе жатқанына қарамастан, Қазақстанда дәрі-дәрмектердің импорты да өсіп келеді. Мәселен, 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында елге 167,7 млн АҚШ долларын құрайтын 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл жерде заттай мәнде өсім - 25,3%, ал ақшалай мәнде - 2,7%-ды құрайды.

ТМД елдерінен Қазақстанға 2,2 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 21,7%-ға көп. Олардың арасында Қазақстанға импорт жасауда Ресей көш бастайды.

Бұдан бөлек импорттың 54,5%-ы ТМД құрамына кірмейтін елдерге тиесілі: 154,2 млн АҚШ долларын құрайтын 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек. Бұл ретте елімізге көбінесе Қытай, Үндістан және Польшадан дәрі-дәрмек әкелінген екен.   

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттар құны бір айда  0,1%-ға, ал бір жылда 6,3%-ға өскен. Дәрі-дәрмектің едәуір қымбаттауы Маңғыстау облысының тұрғындарына сезілді. Онда бір жылда дәрі-дәрмек құны 23%-ға өскен. Жылдық өсім бойынша елорда (плюс 11,8%) мен Ақмола облысы (11,4%) көш бастап тұр.

Йодтың 5%-ды спирт ерітіндісі (плюс 18,8%),  «Эссенциале форте Н» (плюс 17%), 90% этил спирті (плюс 16,8%), «Корвалол» (плюс 16,3%), «Аквалор Форте спрей» (плюс 11,8%) тәрізді негізгі фармацевтикалық препараттардың жылдық динамикада өнім құнының ең жоғарғы өсімі  байқалады. Ал, керісінше, «Гипотиазид» (минус 1,4%), ацетилсалицил қышқылы (минус 6,1%) тәрізді препараттарда бағаның арзандауы байқалған.

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

Жалпы 2020 жылы елдің әр үй шаруашылығында дәрі-дәрмек, емдік құрылғы және аппаратура сатып алуға орташа есеппен 47,1 мың теңге жұмсалған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 62,6%-ға көп.

Алматы тұрғындары дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсаған: Орташа есеппен бір үй шаруашылығы 71,7 мың теңге жұмсайды (жылдық өсім 69,9%). Алматыдан кейін Павлодар және Қарағанды облыстары келеді. Қызылорда облысының үй шаруашылықтары дәрі-дәрмекке аз ақша жұмсаған екен: 29,8 мың теңге.

Дәрі-дәрмек алуға ең көп ақша жұмсалатын қала анықталды

Өзгелердің жаңалығы