Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

15 Тамыз 2019, 09:40
2351
Бөлісу:
Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген медицина профессоры Пол Гринграс айтты, деп хабарлады Lenta.ru.

Зерттеуге Ұлыбританиядан 2 мың ересек адам қатысқан. Ғалымдар олардың 44%-ы тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтайтынын анықтады. Эксперимент қатысушыларының тек 17%-ы күніне 8 сағат ұйықтайтынын айтқан.

Гринграстың айтуынша, түнде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруы ғана емес, инсульт қаупі де 60%-ға жоғары болады. Сондай-ақ, оларда қан қысымы және холестерин мөлшері де жоғары болған.

Маманның пікірінше, бір түндік нашар ұйқы артық салмақ жинауға, бұлшық ет массасын жоғалтуға және мидағы есте сақтау қабілетіне де әсер етеді.

Ғалым спортпен шұғылдану сияқты дене белсенділігі адам денсаулығына қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, адамдардың 85%-ы дене жаттығуларын орындағаннан кейін ұйқысының түзелгенін байқаған.

Өзгелердің жаңалығы