Бас жаңалықтар
Дәрігер: Сақал қою онкологиялық аурудан қорғайды
30 Тамыз 2020, 16:48 728

Дәрігер: Сақал қою онкологиялық аурудан қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сақал қою адамды онкологиялық аурудан қорғауы мүмкін. Бұл туралы Ресей медициналық ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дерматовенеролог дәрігер Наталья Козлова мәлімдеді.

«Аргументы и Факты» газетіне берген сұхбатында ол беттегі сақалдың терідегі табиғи майларды қорғауға септігін тигізетінін, соның есебінен бет терісінің қажетті деңгейде ылғалданып тұратынын айтқан.

Сақал немесе бет терісіндегі кез келген түк теріні ультракүлгін сәулелердің тікелей түсуінен қорғайды. Ал бұл өз кезегінде терінің онкологиялық ауруларынан қорғанудың бірден бір тәсілі, - деді Козлова.

Бұдан бөлек, мұрт пен сақал адамды аллергиялық реакциялардан да қорғайды. Себебі, мұрын қуысына сырттан келетін тітіркендіргіштердің түсуін алдын алады.

Сақал өсіру бет терісіндегі ауа фильтрациясын да қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде тіс пен қызылиектің сау болуына өз үлесін қосады, - деді ол.
Маманның айтуынша, сақал суық ауаның бетке тигізетін кері әсерінен қорғап, беттің жылулығын қалыпты етіп ұстап тұрады. 

Егер адам аз қырынса, беттегі безеулердің пайда болу қаупі төмендейді. Өйткені безеу бет терісінің жиі зақымдануларынан пайда болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//