Цой: Соңғы екі айда 100-ден астам ковидтік стационар жабылды

26 Қазан 2021, 09:44
39989
Бөлісу:
Цой: Соңғы екі айда 100-ден астам ковидтік стационар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, тамыз айынан бері елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді.

Елімізде 1 тамыздан бері 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірде 103 нысан (30 881 инфекциялық төсек) жабылды. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасын табады, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кететін жайт, 1 тамыздан бері инфекциялық төсек-орынның қамтылуы 56%-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсек-орын 45%-дан 30%-ға дейін азайған. Ал эпидахуал нашарлаған жағдайда резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері қараша-желтоқсанда қанша адам коронавирус жұқтыратындығына болжам жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы