Коронавирус: Цой күшейтілген карантин туралы айтты

26 Қаңтар 2021, 12:01
4182
Бөлісу:
Коронавирус: Цой күшейтілген карантин туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады.

Қазақстанда пандемия басталғаннан бері науқастардың 87%-ы сауығып кетті. Министрлік матрицаға сәйкес күнделікті мониторинг жүргізеді. Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында жағдайды тиісті бақылау болмай отыр. Осыған байланысты іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда, індет жұқтырғандардың көбейгені байқалды. Қаңтарда аурудың өсуі Шығыс Қазақстаннан басқа барлық облыста байқалып отыр, - деді ол.

Қазақстанда қоймада екі айға жеткілікті маска бар екен (10 миллион маска). Оның айтуынша, CVI ауруының жоғарылауын ескере отырып, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.  

Вакцинация 1 ақпанда басталады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандық вакцинациядан өтеді.  Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық паспорты жасалды, ақпаратты қолмен енгізуге болады. Жүзеге асырылып жатқан шараларды сақтай отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы болжам жасалды. Наурыз айының соңында індет өршуі мүмкін. Позитивтік сценарий бойынша наурыз айының соңында тәулігіне 3 мың науқас тіркелуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9 мың адам тіркелуі мүмкін. Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін қатаң карантин енгізілуі мүмкін, - деді Цой.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елдің коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайындық барысы туралы есеп берді.
Өзгелердің жаңалығы