Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміз және 11 өңір «жасыл» аймақта тұр.
Атап айтатын болсақ, «жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары. Қарағанды, Қостанай, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қаласы – «сары» аймақта. «Қызыл» аймақта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Репродуктивтілік саны 0,93-ті құрайды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері соңғы бір ай ішінде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын атап өтті.
Жалпы республика бойынша соңғы айда аурушаңдық 2,4 есеге, атап айтқанда, айына 1 866-дан 773 жағдайға дейін төмендеді. Стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, айына 8 750-ден 6 281-ге, амбулаториялық науқастар 1,8 есеге, 30 күн ішінде 42 119-дан 23 188-ге дейін қысқарған, - деді Алексей Цой.