COVID-19: Шалғай аудандар көлікпен қамтамасыз етілді

15 Тамыз 2020, 10:33
1619
Бөлісу:
COVID-19: Шалғай аудандар көлікпен қамтамасыз етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мақсатында еліміздің шалғайдағы өңірлері коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермеу үшін мамандандырылған автокөліктермен жабдықталды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құрамында 224 аудандық басқармасы бар 18 аумақтық департаментінің мамандары көлікпен қамтамасыз етілді.
 
Мысалы, 29 көлік Алматы облысының аудандық басқармалары арасында бөлініп берілді. Кеген, Ақсу, Қаратал, Балқаш сияқты шалғайдағы өңірлер мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілді. 7 мамандандырылған машина Батыс Қазақстан облысына жеткізілді.
 
Пандемиямен күресуден басқа, бұл автокөлік инфекциялық аурулардың басқа да қауіпті эпидемиологиялық ошақтарын уақтылы тексеруде таптырмайтын құрал. Айта кетейік, Қазақстанның аумағында аса қауіпті инфекциялар – оба, туляремия, геморрагиялық қызба (КҚГҚ, БГҚ), сібір жарасы және басқа да зооноздық инфекциялардың белсенді табиғи ошақтары бар. Көбінесе, мониторингілеу радиусы 300 шақырымнан асады, - делінген ақпаратта.
Бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің көлік паркінің тозуы 90% құрады, ішінара жөндеу 10 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. 






Өзгелердің жаңалығы