COVID-19: Сағынтаев Алматыдағы ахуалды баяндады

23 Шілде 2020, 11:23
1481
Бөлісу:
COVID-19: Сағынтаев Алматыдағы ахуалды баяндады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаладағы ауруханалардың күші 6 096 төсек орынға жетіп отыр. Оның 2 910 орнында (47,7%) науқастар ем қабылдап жатыр, 3 186 орын бос тұр. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев телеарна арқылы халықтың сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда 9 851 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген. Соңғы тәулікте 216 жағдай анықталған. Бұл - ПТР тесттің нәтижесімен анықталғандардың саны. Жазылғандар саны 5 796, індеттен көз жұмғандар 73 адам. 

Қаладағы ауруханалардың күші 6 096 төсек-орынға жетіп отыр. Қазір оның 2 910 орнында (47,7%) науқастар ем қабылдап жатыр, 3 186 орын бос тұр. Алғаш төтенше жағдай жарияланған кезде бізде 500 орында клиника ғана жұмыс істеп тұрған еді. Маусымның аяғы мен шілде айының басында ауруханадағы төсек-орындар 90 пайызға дейін толған, - дейді әкім.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қазір ауруханада ем қабылдап жатқан 2910 науқастың 48-нің жағдайы аса ауыр екенін айтты. 478 науқаста ауыр жағдай, 2 396 науқастың сырқаты орташа екен. Сонымен қатар, 51 бала ем қабылдауда. 
Одан бөлек, 2 358 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр, оларда коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Аурудың белгісі жоқ 1 587 науқас бар, - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы