COVID-19. ЕМА тағы бір вакцинаны мақұлдады

7 Қаңтар 2021, 00:08
1519
Бөлісу:
COVID-19. ЕМА тағы бір вакцинаны мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі (EMA) 6 қаңтарда америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы екпесін қолдануға болатынын жариялады. Енді бұл шешімді Еуропалық комиссия мақұлдауы тиіс.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, ЕМА Moderna екпесін Еуропада індет өршіп, аймақта вакцина егудің баяу жүріп жатқаны сынға ұшыраған тұста мақұлдады.

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен ЕМА қадамын құптап, "қазір біз бұл екпені Еуропада қолдануды толық мақұлдау үшін тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз" деді.

Еуропа одақ Moderna компаниясына алдын ала 27 елге деп екпенің 160 миллион дозасын тапсырыс берген. Желтоқсанның соңында Еуропа одағы Pfizer/ BioNTech (АҚШ/Германия) екпесін қолдануға рұқсат берген.

Moderna мен Pfizer/ BioNTech екпесін екі дозадан салу керек. Сынақ нәтижелері екі екпенің қауіпсіздігі мен коронавирустан қорғайтынын көрсеткен. Moderna екпесін бұған дейін АҚШ, Канада және Израиль мақұлдаған.

Өзгелердің жаңалығы