COVID-19: БҰҰ басшысы жаңа штамдардың пайда болу себебін атады
18 Қазан 2021, 11:44 4401

COVID-19: БҰҰ басшысы жаңа штамдардың пайда болу себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антониу Гутерриш коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуы мен әлем елдерінің экономикалық құлдырауының жалғасуына вакцинаның дұрыс таратылмауы себеп болып отырғанын айтты. 

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

БҰҰ Бас хатшысы әлем елдерін «бірдей тәсілді» қолдануға шақырды. Себебі онсыз өлім-жітім санын тұрақты түрде қысқартуға қол жеткізу мүмкін емес деп отыр.

Вакцинациялаудың бірдей деңгейде болмауы COVID-19-дың жаңа штамдарының пайда болып, көбеюіне алып келеді. Бұл өз кезегінде өлім-жітім мен экономикалық құлдыраудың өршуін тудырады. Жүйеленген нақты тәсілсіз бір елдегі ауру-сырқау санының төмендеуі ұзақ уақыт бойы тұрақты болады деп айта алмаймын, - деп жазды Гутерриш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш адамзат коронавирус пандемиясының сынағынан жеңіліп жатыр деген жанайқайын жеткізген еді.

Гутерриштің пікірінше, дүние жүзі адамзаттың бірігіп әрекет етуден бас тартуы салдарынан індеттің алдын ала алмаған.


Фото: дереккөз
Загрузка...